Бірінші қабаттағы техникалық персонал отыратын бөлме жана бастады.
ERNUR.KZ. Павлодар облысы Иртышск ауылындағы орта мектепте сабақ кезінде өрт шықты, деп жазады Sputnik.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жұма, 21 қыркүйекте сағат 11.30-да №3 мектептің екі қабатты ғимаратында өрт шыққан.
Бірінші қабаттағы техникалық персонал отыратын бөлме жана бастады.
"230 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 217-сі бала. Өрт 10 минуттан кейін ауыздықталды. Ал 50 минуттан кейін толық сөндірілді", - деп хабарлайды департаменттегілер.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.