Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.
Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды, - деп жазадыTengrinews.kz.
22 наурызда сағат 20:33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен.
Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгендері анықталды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.
23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері су қоймасынан алынды.
Павлодар облысының ТЖД мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.