Оқиға 16 сәуір күні түнде болған.
ERNUR.KZ. 16 сәуір түнде Павлодар облысының Екібастұз-1 өткелінің 303-шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеуді қолданды, деп жазады inbusiness.kz.
Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан жеті жылқы пойыз астында қалды. Пойыздың тұрағы 1 сағат 33 минутты құрады.
Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.