Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов түрмеде қалдыруды сұрады

0
453

Бақауовтың не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз.


Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов түрмеде қалдыруды сұрады

ERNUR.KZ. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды. Сот жазасын өтеушінің өтінішін қанағаттандырған, деп жазады exk.kz.

Павлодар қаласының №2 қылмыстық істер жөніндегі соты бұрынғы әкім Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Өйткені сот отырысы басталмай жатып экс-әкім мерзімінен бұрын шыққысы келмейтінін айтып арыз түсіріпті.

Бақауовтың не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 2020 жылы сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен 3 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ экс-әкім өзінің портретін аукцион арқылы сатумен де ел есінде қалған еді. Оның суреті бейнеленген туындыны жергілікті кәсіпкер 31 миллион теңгеге сатып алған болатын.