​Петропавлда үш мектеп салынады

0
1 013

"Дамытудың кешенді жоспары бойынша 900 орынға арналған тағы бір мектеп салынады", - дейді әкім.


​Петропавлда үш мектеп салынады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақта білім саласы үшін қандай нысандар салынатыны жөнінде айтып берді, деп жазады «ҚазАқпарат».

Петропавлда 600 және 900 орындық екі мектептің құрылысы басталды. Облыс әкімінің сөзінше, олар 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай пайдалануға беріледі.

«Дамытудың кешенді жоспары бойынша 900 орынға арналған тағы бір мектеп салынады», - дейді әкім.

Одан бөлек, 2 мыңға жуық орны бар 5 жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр. Соның ішінде 1200 орындық екеуі – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 732 орындық үш жатақхана – колледждерге арналған. Жергілікті билік солтүстікқазақстандық ЖОО үшін жаңа оқу ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Облыс әкімі бұл мұнда білім алатын студенттер санын 10 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Білім гранттарының саны үш есе – 300-ден 1072-ге дейін көбейді. Техникалық мамандықтарды таңдаған, мұғалім немесе дәрігер болғысы келетін студенттердің саны да өсті. Жергілікті бюджеттен алғаш рет 75 грант бөлінген. Біздің ЖОО-да білім алғысы келетіндердің саны 1,7 есе артып, шетелге кететін түлектердің саны 13 пайызға азайды. Бұл - жақсы динамика, оны сақтап қалуымыз керек», - деп атап өтті Қ.Ақсақалов.

Ол Ұлттық гвардия Әскери институтының ғимараттары мен бөлімдерін, соның ішінде казармалар, мәжіліс залы бар оқу корпусы, спорт кешенін салу жоспарланғанын қосып өтті.