Премьер-Министр азық-түлік бағасын өсірмеуді тапсырды

0
855

Асқар Мамин әкімдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды.


Премьер-Министр азық-түлік бағасын өсірмеуді тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Асқар Мамин өңірлердегі инфляция мәселесін көтерді және жағдайдың белгіленген шектен шығып бара жатқанын атап өтті.

«Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында инфляцияның аздаған өсімі байқалады. Бұл негізінен агороөнеркәсіп тауарлары бағаларының өсуінен болып отыр. Қазір жеміс-жидек пен көкөністердің көп уақыты, сондықтан бағалар арзандатылуы керек. Әкімдер әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысының қорытындысында.

Ұлттық банк басшысының хабарлауынша, биылғы мамыр айында айлық инфляция 0,6% құрады. Жылдық инфляция 5,3% дейін көтерілген.