Реконструкция жұмыстары толығымен аяқталған үш павильонға былтыр қазан айынан бастап қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты.
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратын аралап көрді деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа реконструкция кезінде әкімдік ғимаратының энергетикалық тиімділігін едәуір арттыруға ықпал еткен заманауи материалдар мен технологиялар қолданылғаны туралы баяндалды. Ғимараттың тарихи мәнін ескере отырып, оның архитектуралық келбетін сақтау туралы шешім қабылданды. Мәрмәрлі қасбеттер, жезбен және табиғи тастармен безендірілген ішкі сәндік элементтер бұрынғы қалпына келтірілді.