​Президент Алматы облысының әкіміне апатты жолдарды жөндеуді тапсырды

0
945


​Президент Алматы облысының әкіміне апатты жолдарды жөндеуді тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы жолдардың 22 пайызы сын көтермейтінің айтты. Талдықорғанда жұртшылықпен кездесу барысында Мемлекет басшысы облыс әкіміне нақты тапсырма берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы облысы жолдарының 22 пайызы сын көтермейді. Өңір басшысына апатты жолдарды қалпына келтірудің 2025 жылға дейінгі жоспарын құруды тапсырамын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді.