Президент тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды

0
772

Бұл тапсырманы орындау үшін Мемлекет басшысы 390 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті.


Президент тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Үшіншіден, экономиканың өсімі мен жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың қуатты стимулы – қолжетімді тұрғын үй құрылысы болуы керек. Елбасы бастаған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы бойынша ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.

Бұл тапсырманы орындау үшін Мемлекет басшысы 390 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті.

«Биыл елде рекордық деңгейдегі – 15 млн шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынады. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі», - деді Президент.