​Ratel порталының қызметі тоқтатылды

0
1 712

Алматыда Медеу ауданы азаматтық істер бойынша сотта Ratel.kz порталы қызметін тоқтату туралы прокуратура арызына қатысты шешім шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Ratel порталының қызметі тоқтатылды

иллюстрациялық фото: youtube.com

Алматыда Медеу ауданы азаматтық істер бойынша сотта Ratel.kz порталы қызметін тоқтату туралы прокуратура арызына қатысты шешім шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ratel.kz басылымының сайты Медеу аудандық прокуратурасының арызымен 31 наурызда бұғатталған еді.

"Медеу ауданы прокуратурасының Ratel.kz сайтына түсірген Ratel.kz басылымы қызметін тоқтату, Ratel.kz домендік атын қайта тіркемеу және бас редактор Марат Әсіпов пен басқа қызметкерлерге сайт материалдарын өзге БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салу туралы арызы жартылай қанағаттандырылсын. Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының желілік басылымының қызметі тоқтатылсын. Ratel.kz домендік атауының қазақстандық БАҚ кеңістігінде пайдаланылуына бір жылға тыйым салынады", — деп оқыды судья Гүлмира Бейсенова.

Басылымның бас редакторы Марат Әсіпов сот шешімі оқылған соң, оны нақтылау үшін шағым түсіретінін мәлімдеді.

Ratel.kz порталына екі арыз түсірілген: Зейнолла Кәкімжанов пен оны ұлының жалған ақпарат тарату туралы ісі және домендік атау бойынша азаматтық іс.