Ресейлік танымал әнші Валерий Леонтьевтің Алматыдағы концерті кейінге шегерілді.
ERNUR.KZ. Әнші 10 наурызда Алматы жұртшылығына ерекше кеш сыйламақ болған, деп жазады Экспресс К.
Алайда оған Ресейден Қазақстанға ұшақпен ұшып келуге тыйым салынған. Валерий сол себепті Алматыдағы концертін 25 мамырға шегерген. Бұл ақпаратты "Алматы әуендері" концерттік бірлестігі растап отыр.
"Ресей мен Украина қақтығысына байланысты әншіге елімізге ұшақпен ұшып келуге тыйым салған. Осы күнге дейін шамамен екі мыңға жуық билет сатылды. Билет сатып алған көрермен ақшасын қайта қайтарып ала алады. Немесе концерттің өтетін уақытын күтсе болады", — дейді "Алматы әуендері" концерттік бірлестігінің маркетинг маманы Дана Әлібаева.