Сондай-ақ 23 маусымда Орталық Азия елдері мен Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірінші кездесуі өтеді.
ERNUR.KZ. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Қазақстанға келеді, деп жазады sputnik.kz.
Ол Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің қауіпсіздік мәселелері талқыланатын шараларға қатысады.
"Алматыда қауіпсіздік мәселелері бойынша кезеті ресейлік-қазақстандық консультациялар өтеді", - делінген Ресей қауіпсіздік кеңесінің аппаратының хабарламасында.
Сондай-ақ 23 маусымда Орталық Азия елдері мен Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірінші кездесуі өтеді. Оған қатысушылар қазіргі жағдайдағы аймақ пен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.