Ресейлік экспорттаушылар биыл маусым айынан бастап Қазақстанға жүк көліктерімен бөренелерді, жартылай өңделген ағашты, ағаш материалдарын және шпалдарды әкеледі.
ERNUR.KZ. Ресей Қазақстанмен шекарада ағаш материалдарын әкелу үшін тағы үш пункт ашты, деп жазады sputnik.kz.
"Ресей өз аумағынан ағаш материалдарын әкелу үшін қосымша өткізу пункттерін ашты. Бұл пункттер Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен шектесетін Кулунда, Веселоярск және Ольховкада орналасқан", - делінген хабарламада.
Ресейлік экспорттаушылар биыл маусым айынан бастап Қазақстанға жүк көліктерімен бөренелерді, жартылай өңделген ағашты, ағаш материалдарын және шпалдарды әкеледі.