ERNUR.KZ. Ресейден Қазақстанға төрт айлық арыстан мен жолбарыстың күшіктерін заңсыз жолмен әкелінбек болған, деп жазадв Stan.kz
“Осындай кішкентай үш айлық арыстанның күшіктерін Астрахань арқылы Қазақстанға апармақ болған. Алайда ойлары жүзеге аспай қалды, күшіктерді СИТЕС конвенциясы (Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) сондай-ақ кеденшілер мен шекарашылар қорғап қалды. Төрт кішкентай жыртқышты "Қараөзек" өткізу бекетінде жолаушылар көлігінің артқы орындығынан тапқан. 60 жастағы ер адам оларды алып шықпақ болған. Қолында еш құжаты болмаған. Жануарлардың жойылу алдында тұрғаны белгілі болды”, – дейді шетелдік басылым таратқан ақпаратта.
Ер адамның айтуынша, ол жануарларды Шешенстаннан сатып алып, Қазақстандағы жеке хайуанаттар бағына сатпақ болған. Басылым азаматтың қамауға алынғанын жазады.