Ресейлік ер адам Қазақстанда әйелі мен баласын өлтіріп, қашып кеткен

0
502

Күдікті Руслан Назмиев 7 қазанда Қазанда ұсталған.


Ресейлік ер адам Қазақстанда әйелі мен баласын өлтіріп, қашып кеткен

ERNUR.KZ. Ақмола облысында Ресей азаматы әйелі мен баласын өлтіріп, көрші елге қашып кеткен. Жантүршігерлік өлім туралы марқұмның қызы айтып берген, деп жазады Tengrinews.kz.

Астаналық тұрғынның сөзінше, оқиға былтыр қазанда болған. Оның айтуынша, анасы мен өгей әкесі ортақ балаларын астанадан Атбасарға алып кетуге шығып кеткен. Бір тәуліктен кейін ер адам келіп, әйелі баласымен қалғысы келгенін айтқан. Бірақ сол күні полицейлер Роксанаға оның анасы Елена Халдеева қайтыс болғанын хабарлаған.

"Бала ашуланып, ешқайда кеткісі келмейтінін айтыпты-мыс. Анам оны Атбасарда қалуға көндірмек болған екен. Әкесі Ресейге іссапарға кететінін айтыпты. Сол күні сағат 11-лерде Атбасарды полиция қызметкерлері келіп, анам қайтыс болғанын айтты", - дейді Роксана.

Полицейлер Роксанаға оның сіңлісі де қайтыс болғанын жеткізген. Сіңлісі екі жыл бұрын қайтыс болған екен. Оның мәйіті Атбасардағы кәріз люгінен 2018 жылы табылған. Роксана сіңлісін өгей әкесі өлтіргеніне сенімді.

"Сараптама нәтижесі бойынша мәйіт 99,9 пайыз менің сіңлім екені анықталды. Халдеева Елена Петровна 2018 жылы табылған мәйіттің анасы, ол туралы ешкім білмеген. Артынша екі қылмыстық іс біріктіріліп, Русланға халықаралық іздеу жарияланды", - дейді Роксана.


Күдікті Руслан Назмиев 7 қазанда Қазанда ұсталған. Алайда халықаралық келісімге сәйкес, Ресей азаматы Қазақстанға экстрадицияланбайды. Күдікті көрші елде сотталуы мүмкін.