​Ресейде сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақымен бірдей ету туралы ұсыныс қаралып жатыр

0
1 737

Ресейдің "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов пен депутат Олег Нилов Мемлекеттік думаға сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақы — 35 мың рублмен (шамамен 185 мың теңге) теңестіруді ұсынатын заң жобасын енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Ресейде сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақымен бірдей ету туралы ұсыныс қаралып жатыр

иллюстрациялық фото: m.realnoevremya.ru

Ресейдің "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов пен депутат Олег Нилов Мемлекеттік думаға сенаторлар мен депутаттардың еңбекақысын елдегі орташа жалақы — 35 мың рублмен (шамамен 185 мың теңге) теңестіруді ұсынатын заң жобасын енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz -ке сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, тиісті құжат Мемлекеттік думаның деректер базасында жарияланды.

Заң жобасында сенаторлар мен депутаттар бүгінде федеральды министрлермен бірдей жалақы алатыны аталып өткен. Сонымен қатар 2016 жылы парламентарийлердің табысы Ресейдегі орташа жалақыдан бірнеше есе асып түскен.

Бұдан бұрын Миронов бұл бастама депутаттарды Ресей экономикасын өсіруге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңдарды қабылдауға ынталандыратынын мәлімдеген еді.

"Депутаттар халыққа сөзімен ғана емес, ісімен де жақын болуы тиіс", — деп саясаткердің сөзінен үзінді келтірді оның баспасөз қызметі.

Дегенмен үкімет депутаттар мен сенаторларға жоғары жалақы олардың қызметіне байланысты төленетінін алға тартып, бастаманы қолдамай отыр.