14 қыркүйекте елордада Рим Папасы Францисктің қатысуымен Қасиетті Месса өтеді.
ERNUR.KZ. Рим Папасының қатысуымен өтетін қасиетті месса шарасы тікелей трансляциядан көрсетіледі, деп жазады ҚазАқпарат.
«14 қыркүйекте елордада Рим Папасы Францисктің қатысуымен Қасиетті Месса өтеді. Бұл рәсімге әр елден 3 мыңға жуық қажы келеді деп күтілуде. Мессаны көргісі келетіндер үшін тікелей эфир ұйымдастырылады.Тікелей трансляция Съездің Facebook желісінде жүргізіледі. Месса сағат 16:45-те басталады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Рим Папасы Францистің елімізге сапары аясында Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, Мессасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу жоспарланып отырғанын хабарланды.