Рудныйдағы ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты ресми ақпарат шықты

0
663

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.


Рудныйдағы ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты ресми ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Қостанай облысының полиция қызметкерлері Рудныйда ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады, деп жазады zakon.kz.


ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, 41 жастағы ер адам бұрын кісі өлтіру және ұрлық қылмыстары бойынша сотталған.

- Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, бұрын сотты болған 41 жастағы күдікті қамауға алынды, ол өз кінәсін мойындады. Қылмыс алкогольді ішімдік ішіп, арты төбелеске ұласқан кезде жасалған, - деді ПД басшысының орынбасары Талғат Өтетілеуов.

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 18 тамызында сағат 11: 48-де Рудный қаласының учаскелік полиция бөлімшесінің "102" пультіне келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнын тексеру кезінде жеке үйден 53 жастағы ер адамның және оның 43 жастағы әйелінің мәйіттері табылды. Оқиға орнында жүргізілген сараптама нәтижесі марқұмдардың зорлықпен өлтірілгенін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашумен айналысатын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді аймақтың ПД басшысы Нығмет Ысмағұлов.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.