2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде алдын ала үгіт-насихат жүргізу үшін ERNUR.KZ ақпараттық порталы баспа алаңын ұсыну мөлшерін жариялайды.
2020 жылғы 21 қазандағы ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы №29/334 қаулы және “Сайлау туралы” конституциялық заңға сәйкес, сайлауға қатысатын саяси партияларға ERNUR.KZ (меншік иесі – «ERNUR-press» ЖШС) порталында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға мүмкіндік беретінін хабарлайды.
Үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін үміткер партия немесе оның сенімді өкілі порталға жазбаша өтініш бағыттауға тиіс. Келісімшарт жасауға мына құжаттар талап етіледі:
- Партиялық тізімді ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
- Саяси партияның сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;
- Үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзімі;
- Жазбаша өтініште үгіт-насихат материалының көлемі мен түрі туралы көрсетілуі шарт;
- Дайын үгіт-насихат материалы берілген жағдайда, мәтіннің қағазға шығарылған нұсқасында сенімді өкілінің қолы қойылып, мәтіні электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.
- Өтініш беруші саяси партияның сенімді өкілінің жеке куәлігі де қоса ұсынылады.
Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2020 жылғы 11 желтоқсан күні таңғы сағат тоғызда басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында сағат 23.59-да аяқталады.
Мәжіліске үміткер партия сайлауалды бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, рулық, тектік-топтық, ұлттық, діни араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздау бар болатын болса, сайт үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы