Сан-Франциско биылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялады

0
1 703

Сан-Франциско қаласы әкімшілігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Туын көтеру және мемлекеттік Әнұранын орындау рәсімі өтті.


Сан-Франциско биылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялады

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының мэрі 2019 жылдың 16 желтоқсанын Қазақстан-Америка достығы күні деп тану туралы мәлімдемеге қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 16 желтоқсан күні Сан-Франциско қаласы әкімшілігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Туын көтеру және мемлекеттік Әнұранын орындау рәсімі өтті.


«Мұндай шара АҚШ-тың батыс жағалауында тұңғыш рет өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Сан-Франциско қаласының мэрі Лондон Н. Брид 2019 жылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялау туралы декларацияға қол қойды. Рәсімге қала әкімшілігінің, АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшылығы, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдері қатысты», - деді сыртқы саясат ведомствосынан.