Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

0
1 394

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білім маған Семей нарығына кіруге көмектесті. Қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», - деді Н. Сабитов.


Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

ERNUR.KZ. Семейде мектеп оқушысы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін жыл сайын «Startup Battle» атты конкурс өткізеді. №30 жалпы білім беретін орта мектептің он бірінші сыныбында оқып жүрген семейлік Надир Сабитов конкурстың грантын жеңіп алып, қаңқасыз жиһаз жасаудан өз бизнесін ашты.

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білім маған Семей нарығына кіруге көмектесті. Қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», - деді Н. Сабитов.

Оның цехы шығаратын пуф-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және көмекші. Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік желілерден алынған фото