ТЖМ азаматтарды туристік серудендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Шарын шатқалында жартастан домалап кеткен Ресей азаматы құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап құтқарушылардың күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын шатқалында жартастан домалап түскен», - делінген хабарламада.
Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 07.17-де әйел адам құтқарылды.
ТЖ министрлігі азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.