Шетелдік компания 5 қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойған

0
826

Қазақстанның бес азаматы үшеуі - кәмелет жасына толмаған балалар Ыстанбұлдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшуы керек болған.


Шетелдік компания 5 қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты шетелдік әуе компаниясының Қазақстанның бес азаматын ұшақ бортына мінгізбей қою оқиғасы бойынша егжей-тегжейлі, тәуелсіз тексеру жүргізу туралы үкім шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

"2018 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстанның бес азаматы (оның ішінде үшеуі - кәмелет жасына толмаған балалар) Ыстанбұлдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшуға тиіс болатын. Алайда, олар өз рейсіне міне алмаған соң қайтадан жаңа билет сатып алып, басқа рейспен ұшып келген. 2018 жылдың қазан айында астана тұрғыны Азаматтық авиация комитетіне шағымданып, аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізуді және Turkish Airlines компаниясына айыппұл салуды өтінеді. Дұрыс жауап ала алмаған қала тұрғыны мемлекеттік органның іс-әрекетін заңсыз деп тану жөнінде сотқа арызданған. Есіл аудандық соты қала тұрғынының өтінішін қанағаттандырды», - делінген аудандық соттың хабарламасында.

Сот комитеттің бұл іс-әрекетін заңсыз деп тауып, әлдеқайда мұқият және объективті тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы жол берілген кемшілікті жою, осылайша кішкентай балалармен қосқанда 5 азаматтың неліктен авиалайнердің бортына жіберілмегенін анықтауды үкім етті.