ШҚО-да Қытайдың 4 азаматы дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған

0
622

Қазақстанға үшінші елдерден келген Қытай азаматтары транзиттік жолаушылар болып табылады және медициналық тексеруден өткеннен кейін (14 күн) елден шығарылады.


ШҚО-да Қытайдың 4 азаматы дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, 20 ақпандағы бас мемлекеттік санитарлық инспектордың бұйрығымен Қазақстанда, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында Қытайдан келген барлық отандастарымыз 14 күнге карантинге жатқызылды, деп жазады zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін коронавирусқа қарсы тұру үшін арнайы оқшауланған медициналық ауруханалар қарастырылған.

ҚХР-дан шекаралас облыс аумағына оралған әрбір қазақстандықты медициналық қызметкерлер тексереді. Егер жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуы және басқа да коронавирустың белгілері болса, Қазақстан азаматы арнайы медициналық ауруханаға 14 күнге жатқызылып, дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Осы кезеңнен кейін аурудың белгілері төбе көрсетпесе, адам ауруханадан шығарылады. Егер коронавирустық инфекция белгілері анықталса, науқас дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстың медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық маскалармен, қолғаптармен, сондай-ақ қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген.

"Бүгінгі таңда арнайы медициналық ауруханаға 15 адам жатқызылып, (11 - Қазақстан азаматы және 4 - ҚХР азаматы) дәрігердің бақылауына алынған. Қазіргі уақытта бақылаудағы адамдардың ешқайсысында коронавирус белгілері анықталмады", - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің сайты.

Қазақстанға үшінші елдерден келген Қытай азаматтары транзиттік жолаушылар болып табылады және медициналық тексеруден өткеннен кейін (14 күн) елден шығарылады.