ШҚО-да ондаған үйді су басты – видео

0
2 244

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, су деңгейі 2 есеге артқан. Биыл өзендегі мұз қалыңдығы кей жерлерде бір метрден көп.


ШҚО-да ондаған үйді су басты – видео

ERNUR.KZ. Өскеменде бірнеше үйді су басқан саяжай аймағынан адамдарды эвакуациялауға тура келді, деп жазады sputnik.kz.

Түнде тұрғындар мен төрт түлік шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті Аблакетка өзені шамамен бір метрге көтерілген. Енді елдімекенде тек арнайы техникамен ғана жүруге болады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Саяжай үйлерінің жалпы саны - 226, отыз бір үйді су басты", - деді Өскемен қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың аға офицері Валентин Литвиненко.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, су деңгейі 2 есеге артқан.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін өңірде жол шетіндегі ауыр қарды жарып, өзендегі мұзды қопсытып жатыр. Биыл мұз қалыңдығы кей жерлерде бір метрден көп.

Синоптиктер мәліметі бойынша алдағы күндеі ауа райы өзгермейді. Сынап бағанасы түнде минус, күндіз плюс температураны көрсетеді. Оның үстіне жаңбыр жауады деген болжам жасалынып отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстанда жиырма мыңнан астам адам су мөлшерінің көп болуы жағдайына тап болуы мүмкін. Бұл шамамен наурыздың екінші онкүндігінде басталған болатын. Сәуір айына дейін жалғасады.

Өскемен қаласы, Алтай, Қатон-Қарағай, Тарбағатай, Глубоковск, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандарында бұл мәселе өзекті болады.