7 қазанда Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылған.
ERNUR.KZ. Шучинсікеді студент өліміне қатысты іс сот қарауына жіберіледі, деп жазады inform.kz.
«Шучинск колледжі студентінің өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қылмыстық процеске қатысушы тараптар іспен танысты. Жақын арада сотқа жолдау жоспарланып отыр. Басқа ақпараттар Қылмыстың-процестік кодекстің 201-бабы бойынша жариялауға жатпайды», - деген жауап алдық ресми сауалға Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, биыл 7 қазанда Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік.
19 жастағы студент өзіне 6 қазанда қол жұмсаған.
Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне аталған істің мән-жайын жан-жақты тексеруді тапсырды.