Шуда көлікте болған 21 жастағы жолаушы тірідей өртеніп кетті

0
723

29 жастағы жүргізуші мен жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.


Шуда көлікте болған 21 жастағы жолаушы тірідей өртеніп кетті

Шуда болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қыркүйекте түнгі 01:37 шамасында Шу қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Mercedes Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен жылдамдықпен келе жатып, Volkswagen Golf автокөлігінің артқы жағына соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан өртенген Volkswagen Golf көлік жүргізушісі ВАЗ-21150 автокөлігінің алдыңғы жағын соққан. Жол-көлік апаты салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінде болған 21 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қаза болып, осы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, бірқатар қажет сараптамалар реті тағайындалды. Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көліктің барлығы тұраққа қойылды, көлік салондарында жүргізушілер де, жолаушылар да болған жоқ. Қазір осы оқиғаға қатысты барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.