ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес берді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жарылысқа қатысты пікір білдіріп, төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.
"Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста", - делінген СІМ таратқан хабарламада.
ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес берді.
ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.
Айта кетейік, бұған дейін Ыстамбұл орталығында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жеткені белгілі болды. Бұл туралы Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген.
Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.