Жалпы жыл басынан келіншектеріне күш көрсеткен 560 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс үшін биыл 560 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 180-і тұтқындалды, деп жазады ҚазАқпарат.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш айдың қорытындысы бойынша әйелдерге қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар 15,6 %-ға, сондай-ақ тұрмыс саласында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 83,3 %-ға төмендеген.
Жалпы жыл басынан келіншектеріне күш көрсеткен 560 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 180-і тұтқындалып, 64-іне ескеру берілген. Отбасының берекесін алатындарға қатысты 853 қорғау ұйғарымы шығарылған, ал оны бұзған 42 адам жауапқа тартылды.
«Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің WhatsApp мессенджерінде 8 708 432 4561 нөмірі, сондай-ақ Telegram-да «Между нами говоря» ақпараттық-түсіндіру арнасы жұмыс істейді. Егер де сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған жағдайда «102» жедел арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына 8 (7152) 39-48-56; 61-25-30 телефондары бойынша хабарласу қажет. Сондай-ақ «Әйелдерді қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі Дағдарыс орталығының 8 (7152) 46-13-26 сенім телефоны жұмыс істейді», - дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.
Жыл басынан сенім телефонына келіп түскен қоңырау бойынша 44 кеңес берілген, 42 адам әкімшілік жауапкершіліккке тартылды.
Жалпы СҚО-да бір аптаның ішінде 232 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 208-і ашылған. Жасалған қылмыстардың басым бөлігі, яғни 50 %-дан астамы облыс орталығына тиесілі.
Былтырғы 20 қылмыс ашылды. Петропавл полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесін пайдалана отыра, 303 әкімшілік және 6 қылмыстық құқық бұзушылықты анықталды. Облыс жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 5 адам жарақат алған, оның үшеуі –бала. 16 мас жүргізуші ұсталған.