Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

0
744

Қаза тапқан мен зардап шеккендер бар.


Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, қаза тапқан мен зардап шеккендер бар.

7 қаңтар күні сағат 15:16 шамасында Мамлютка мен Покровка елді мекендерінің арасында Nissan Murano, Audi A6, Toyota Avensis көліктері соқтығысқан. Қаза тапқан мен зардап шеккендер бар.

"Жол апатынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған адамдар бар. Оқиға орнына жедел жәрдем мен құтқару қызметі жөнелтілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Құтқарушылар мен полицейлер жүргізушілерден аса қажет болмаса, жолдар жабылған, көлік қозғалысына тыйым салынған кезде, ауа райының қолайсыз кезінде тас жолға шықпауын сұрайды, олар тас жолда жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деп хабарлайды портал.