Степногор қаласында әйел бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды

0
395

38 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.


Степногор қаласында әйел бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі аталған деректі растады, деп жазады Экспресс К.

Полиция басқармасына Степногор қалалық жедел жәрдемнің фельдшері хабарласты. Ол 1984 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бесінші қабаттың балконынан секіріп кеткенін айтты, - деп мәлімдеді полиция.

Бұрын Степногор қаласында тұрған ол анасын көруге келген. Аталған дерек бойынша сараптама нәтижесі тағайындалды. ҚК-тің 105-бабына (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.