Семейде өрт кезінде үш баланың өмірін құтқарып қалған студент жасаған ерлігі үшін марапатталды деп жазады ERNUR.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Семейде өрт кезінде үш баланың өмірін құтқарып қалған студент жасаған ерлігі үшін марапатталды деп жазады ERNUR.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға қаңтар айының соңында болған. Құрылыс колледжі жатақханасының төртінші қабатында электр сымдар жүйесі мен есептеуіш автоматы жанып кетіп, өрт шыққан болатын. Сол кезде жатақханада кішкентай қыздың жылаған дауысын естіген Жасұлан Берекеев өрт сөндірушілерді күтпей, бүлдіршінді құтқару үшін көмекке келген. Ержүрек студент қыздың бетін өзінің бас киімімен жауып, қауіпсіз жерге алып барады. Кейін Жасұлан бесінші қабатқа көтеріліп, тағы екі баланы қою түтін арасынан тауып, олардың бетін күртешесімен жауып, аулаға алып шыққан.
Осылай Жасұлан Берекеевтің жасаған ерлігінің арқасында 2-ден 7 жасқа дейінгі үш бала аман қалды.