Талдықорғанда төбелескен қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
1 394

Оқиға Талдықорғанда мамыр айының 18-нен 19-на қараған түні болған.


Талдықорғанда төбелескен қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіні шулатқан бұрымдылардың төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sn.kz.

Оқиға Талдықорғанда мамыр айының 18-нен 19-на қараған түні болған.

«Бұл іске қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Жедел іздестіру шарасы негізінде қоғамдық тәртіпсіздікке қатысқандардың 1992-2001 жыл аралығында туған жастар екені белгілі болды. Олар табылып, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі күні ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша «Бұзақылық» деп танылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» , – дейді Көбейхан Нұрахмет.

Еске салайық бұған дейін топ болып төбелескен қазақ қыздарының видеосын жариялаған болатынбыз.