Талғар қаласындағы өрттен үш адам қаза тапты

0
524

Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй толығымен өртке оранған.


Талғар қаласындағы өрттен үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 10 қараша сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-не Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Stan.kz.

Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.


"Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді. Көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің тұтану себептері анықталуда", - дейді ол.


Алматы облысы ТЖД азаматтардан тұрғын үйлерде өрт болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.