Талғарда жүк көлігі тұрғын үйге соғылды

0
502

Апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылды.


Талғарда жүк көлігі тұрғын үйге соғылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жүк көлігі қақпаны бұзып жарып жеке тұрғын үйдің шетін қабырғасына соғылған. Салдарынан үйдің бір жақ қабырғасы опырылып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Абырой болғанда сол уақытта үйде ешкім болмаған.
Оқиға 16 мауысымда болған.
50 жастағы ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай Садовая көшесіндегі үйдің қақпасына соғылып, артынша үйдің бір қабырғасына барып тірелген.
Апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған факт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.
Үйді қалпына келтіру үшін қаражат өндіру мәселесі қарастырылып жатыр.