Таразда 20 адам көшеде кетіп бара жатқан 3 адамды соққыға жығып кетті

0
492

Бұзақылар 16 мен 18 жас аралығында болған.


Таразда 20 адам көшеде кетіп бара жатқан 3 адамды соққыға жығып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Таразда адам шошырлық оқиға болды. 20 адамнан тұратын бір топ жігіт қалада өтіп бара жатқан үш адамды ұрып тастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Жанжал 5 қазан күні кешке Арай массивіндегі ойын алаңында болды.

Бұзақылар 16 мен 18 жас аралығында болған және олар спортшылар екені белгілі болды. Ал зардап шекеннің екеуі 13 және 16 жаста.

«Арай, 1 үйінің артында балалар алаңында 20 жігіт үш кездейсоқ адамға шабуыл жасады. Егер мүмкін болса, видео немесе куәгерлердің пікірін күтеміз. Сіздің әрбір пікіріңіз біз үшін маңызды», — деп жазды әйел адам жергілікті пабликке.

Жамбыл облысының полициясы топтық ұрып-соғу фактісін растады. Оқиғаның егжей-тегжейлері тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, жарияланған жоқ. Тек осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі.

«Топпен жасалған бұзақылық фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды. Оған қатысушылар анықталды. Қажетті тергеу-оперативтік шаралар жүргізілуде», — деп хабарлады ведомство.