Тәжікстан президенті Қазақстанға келеді

0
1 265

Мәртебелі тұлға елімізде 2018 жылдың 14 наурызда мейман болады. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов мәлім етті.

Сапар мақсаты – екі елдің өзекті мәселелер бойынша әріптестігін нығайтып, екіжақты келісімдерге қол қою.

«Қазқстан мен Тәжікстан қарым-қатынасы екі ел тәуелсіздік алған сәттен-ақ достастық пен стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді. Ширек ғасырдан бері арадағы дипломатиялық қатынас өзара сенім мен қолдауға негізделген әріптестікте елеулі жетістіктерге жетті. Әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да біздің елдердің ұстанымы жақын немесе үйлеседі», - деген министр алдағы сапар осы әріпестікті тағы бір сатыға жоғарылатудағы маңызды қадам екенін атап өтті.