Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады

0
1 244

Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызметтер тізімі тағы бір мәрте қаралады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді.


Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады

Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызметтер тізімі тағы бір мәрте қаралады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазір кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында бекітілген қызметтер пакетін толығымен қаржыландыру үшін қосымша 800 миллиард теңге қажет.

"Біз кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін оңтайландыру туралы айтып отырмыз. Бұл пакетті толықтыруда біраз мәселе туындап отыр, себебі қызметтер тізімі мен осы мақсатқа қажетті қаржыландыру арасында теңгерімсіздік бар. Қазір қызметтер тізімін бөлінген ақшаға қарай реттеу міндеті қойылды. Алдын ала бағалауымыз бойынша, пакетте декларацияланған қызметтерді толығымен қаржыландыру үшін 800 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет", — деді Бахмутова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма төрайымы тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралып, халыққа ең қажетті қызмет түрлері іріктелініп алынатынын айтты.

"Тегін медициналық көмек тізімі қысқарған жоқ, керісінше, соңғы бірнеше жылда тек толығып отырды. Өкінішке қарай, көп жағдайда қаржылық мүмкіндік ескерілместен. Дәл осы себептен де адамдардың медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне көңілі толмай жатады. Сондықтан қазір кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызметтер тізімін тағы бір мәрте қарап, халыққа ең қажеттісін іріктеп алу міндеті қойылды. Атап айтсақ, бізде 300 қызметтен құралған жиынтық бар, олар осы медициналық көмек тізіміне міндетті түрде енуі керек", — деді Бахмутова.