Тендер алған кәсіпкер алюминий орнына темір пайдаланып, 24 млн теңге пайда көрді

0
342

Сот ЖШС директорының кінәсін анықтады.


Тендер алған кәсіпкер алюминий орнына темір пайдаланып, 24 млн теңге пайда көрді

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан сотының 2021 жылдың 29 сәуіріндегі үкімімен "SMК INVEST" ЖШС-нің директоры 5 жылға шартты түрде сотталды, деп жазады zakon.kz.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу саласын тексеру шеңберінде облыс прокуратурасы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй шатырының қасбеттерін жөндеу кезінде (Приканальная-31) алюминийден жасалған панельдерді пайдалану көзделгеніне қарамастан, мырышталған болаттан жасалған арзан материалдарды пайдалану арқылы 24 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Нәтижесінде кәсіпорын директорына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес (алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді, тергеуді облыс прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы жүргізді.

Сот ЖШС директорының кінәсін анықтады. Соңғы кінәсін толық көлемде мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды өтеді.