Мемлекет басшысы тәртіпсіздік басталғаннан сәттен бастап ел астанасынан кетпейтінін ашып айтқан.
ERNUR.KZ. Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы резиденциясында болған және елден кету туралы кеңес берілгеніне қарамастан, соңында дейін қалуды дұрыс деп санаған, деп жазады Stan.kz.
Бүгін сәрсенбі күні Тоқаевтың Ресейдің "Россия 24" телеарнасына берген сұхбаты көрсетіледі. Арна сұхбаттың алдын ала анонсын жариялады.
"Барлық төңкерістердің мақсаты, басқа адамдардың билікке келу дейік. Маған келетін болсақ, сол күндері (қаңтар оқиғаларында) осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда кеткен жоқпын. Осында түнеп шықтым", – деді Тоқаев арнаға берген сұхбатында.
Тоқаевтың сөзінше, ол тәртіпсіздік басталғаннан сәттен бастап ел астанасынан кетпейтінін ашып айтқан.
"Маған кейбір "жолдастар" тікұшаққа немесе ұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуді ұсынды. Әлбетте, бұл менің жоспарымда болмады және соңына дейін осында болуым керек деп ойладым", – деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Сонымен қоса белгілі журналист Махамбет Әбжан жоғары шенді шенеуніктің сөзіне сілтеп, Ақордада болған бір оқиға туралы жазады. Қаңтар оқиғалары кезінде шенеунік Тоқаевты Ақордадан кетуге шақырған, себебі мемлекет басшысының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезең болған. Бірақ президент бұл ұсыныстан да бас тартқан.
"Кетпеймін. Осында қаламын. Өлтірсе, осында өлтірсін", – деген президент өз резиденциясында қалған.
Шенеунік бұл сөздерді Тоқаевтың қазақ тілінде айтқанын жеткізген.