Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

0
549

"China Eastern Airlines" әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адам қаза тапты.


Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады nur.kz

Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында "China Eastern Airlines" әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.