Тоқаев Қытай туралы: Біз көршілерімізді ауыстыра алмаймыз

0
727

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді.


Тоқаев Қытай туралы: Біз көршілерімізді ауыстыра алмаймыз

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев синофобияның көріністері туралы айтып, Қазақстандағы Қытайға қарсы шерулерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қытайға келсек, бұл Құдайдан келген ең жақын көршіміз. Көршілерімізді ауыстыра алмаймыз. Қытай өзінің экономикалық дамуында табысқа жеткен ел. Біз ынтымақтасуымыз керек. Біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілері Қытай нарығына үлкен үміт артып отыр", - деді Мемлекет басшысы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.

Журналист Қазақстандағы синофобияның көріністерін еске түсіріп, кейбір адамдар Қытайдың елдегі және экономикадағы ынтымақтастығына наразылық білдіргенін түсіндірді.

"Қытайға қарсы демонстрация ұйымдастыратындар біздің экономикалық болмысымызды түсінбеуі мүмкін. Қытай бізге жамандық жасаған жоқ. Керісінше өткен жылдың 11 айында арамыздағы сауда көлемі 17 миллиард долларға жетті, біз одан әрі дамуға мүдделіміз. Біз Қытайды зерттеп, қытай тілін үйренуіміз керек. Бұл екі қолды көтеріп беріліңдер дегенім емес, ынтымақтастық орнатуымыз керек дегенім", - деді Тоқаев.

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді.