Президент Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған болатын.
ERNUR.KZ. 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Досаев қызметінен босатылды, деп жазады zakon.kz.
"Қайрат Досаев 2019 ж. 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын. Ал 2021 ж. 30 шілдесінде Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап атқарып отырған Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тең дәрежелі лауазымына тағайындалды. 2021 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Досаев қызметінен босатылды", делінген облыстық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, алдында Президент Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған болатын. Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев мектептің даладағы дәретханасында 12 жастағы оқушыны зорлау ісіне байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыстан босатылған болатын.