Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін

0
434

Түркияда консулдық есепте тұрған 968 Қазақстан азаматы бар.


Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Түркияда консулдық есепте тұрған 968 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде: Анкарада - 498, Стамбулда - 45, Анталияда - 189.

"Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жатыр. Жалпы, Түркия билігінің мәліметінше, бұл елде 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.