Туысын өлтірді деп күдікке ілінген боксшы 2 айға қамалды

0
780

Бокстан әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Аслан Мұқанов өзінің туысқанын өлтірді деп күдікке ілінген.


Туысын өлтірді деп күдікке ілінген боксшы 2 айға қамалды

ERNUR.KZ. Қостанайда туысын өлтірді деген күдікке ілінген Аслан Мұқанов екі айға қамалды, деп жазады 24.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды.

«Қостанай аудандық соты тергеуші, полиция лейтенанты А.В.Рогожинаның Қостанай аудандық прокуроры Р.А.Кәрімов келісімін берген А.Мұқановқа қатысты 2 ай мерзімге қамау туралы өтінімін қанағаттандырды», - деп мәлімдеді сот.

Бұған дейін, бокстан әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Аслан Мұқанов өзінің туысқанын өлтірді деп күдікке ілінгені туралы хабарлағанбыз.