Учаскелік инспекторлардың жанына көмекші беріледі - ІІМ

0
2 421

Тұрғын үй кешендерінде полицейлік пунктер ашылады.


Учаскелік инспекторлардың жанына көмекші беріледі - ІІМ

ERNUR.KZ. Елімізде учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл бағытта жүзеге асырылатын өзгерістер туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттағы Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ішкі резервтер есебінен учаскелік полиция қызметкерлерінің штаттық санын арттыру жоспарлануда (барлығы 6 473 қызметкер бар, 3 404 қызметкер қажет). Қалаларда аға учаскелік инспекторлар институты қалпына келтіріледі. Учаскелік полиция қызметкері – биліктің бірден-бір өкілі екенін ескере отырып, олардың әрқайсысына көмекші беру көзделіп отыр», - деді министр.

Бұдан былай учаскелік тәртіп сақшыларына арналып салынып жатқан жаңа үйлерден учаскелік пункт ашылады. Бұл тұрғындардың тыныш, әрі жайлы өмір сүруін қамтамасыз етпек.

«Мысалы, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында бір тұрғын үй кешінінде 2 мыңнан 7 мыңға дейін азамат тұрады. Оларға қызмет көрсететін учаскелік инспекторлардың қызметтік орындарын жабдықтау мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзырында», - деді Тұрғымбаев.

Бұл орайда ІІМ әкімдіктермен бірлесіп, тиісті нысандарды ашу бойынша шаралар қабылдап жатқаны белгілі болды.