ҰДСО: АПВ-ға қарсы вакцинада тірі вирус жоқ

0
175

Вакцинаның заманауи құрамы АПВ-ға қарсы тұрақты иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді.


ҰДСО: АПВ-ға қарсы вакцинада тірі вирус жоқ

Оның құрамында тірі вирус жоқ, сондықтан аурудың дамуы жоққа шығарылады. Жатыр мойны обырынан өмір бойы қорғайтын екпе төңірегіндегі стереотиптер мен алаңдаушылықты ҚР ДСМ «Ұлттық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары Манар Смағұл сейілтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Вакцинада тірі вирус, тіпті оның ДНҚ-ы жоқ. Сондықтан ол қауіпсіз деп саналады, жұқтыруға еш себеп жоқ. Бұл қазіргі заманғы вакциналар, жанама әсерлері жоқ деп айтуға болады», - деп атап өтті спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Астана қаласының «Көпбейінді медициналық орталық» ШЖҚ МКК директоры Мұхтар Төлеутаев жатыр мойны обырының, әсіресе, жас қыздардың ағзасындағы агрессивтілігі туралы айттты.

Сарапшының пікірінше, вакциналау, сондай-ақ уақытылы скрининг, профилактикалық физикалық тексеру және кеңес беру онкологияның соңғы сатыларының алдын алудың ең жақсы әдісі болып табылады.