Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева 7 сәуірде "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға үкімет 31 млрд теңге қаражат қарастырып отырғанын айтты.
ERNUR.KZ. Үкімет қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға 6 млрд теңге (қазіргі доллар бағамы бойынша 13 млн доллардан астам) қаражат бөледі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты, деп жазады Азаттық радиосы.
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева 7 сәуірде "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға үкімет 31 млрд теңге қаражат қарастырып отырғанын айтты. 21 миллиард Алматы мен өзге өңірлердегі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға жұмсалады.
Наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғимаратты бұзу туралы шешім шығарған. Қайта жөндеу және даму жөніндегі қазақстандық көп салалы институттың директоры Жұмағұл Нугужинов президент телерадиокешені жариялаған фильмде ғимарат айрықша белгісінен айырылғандықтан оны толық сүру қажеттігін айтқан.
Айта кетсек, қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясын наразылар басып алған. Ғимараттың бірінші қабатына бүлікшілер көлік айдап кіріп, ғимаратты өртеген еді.