ҰҚК Астана тұрғындарына ескерту жасады

0
547

Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған.


ҰҚК Астана тұрғындарына ескерту жасады

ERNUR.KZ. Астаналықтарға терроризмге қарсы жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, деп жазады tengrinews.kz.

"2023 жылғы 18-19 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мақсаттағы "А" қызметімен Астана қаласының өндірістік аймағында "Күз-2023" тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі. Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу шеңберінде өзге аумақтардын терроризмге қарсы операциясының шартты ауданына ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жөнелту бойынша шаралар қарастырылған.