ҰҚШҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлауды жоғары бағалады

0
2 058

ҰҚШҰ байқаушылары Қазақстанның барлық өңірлерін аралап шықты.


ҰҚШҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлауды жоғары бағалады

ERNUR.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының байқаушылары Қазақстанда өткен сайлауды жоғары бағалайды. Бұл туралы РФ Мемлекеттік думасындағы ТМД, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары, халықаралық байқаушы Умахан Умаханов айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз, ҰҚШҰ байқаушылар миссиясы Парламенттік ассамблея төрағасы Вячеслав Володиннің өкімімен осындамыз. Бұл миссияға ҰҚШҰ елдерінің барлығы кіреді. Кеше біз Нұр-Сұлтандағы 49 сайлау учаскесіне бардық және біз барған учаскелерде құқықбұзушылық болған жоқ. Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қорғаныс құралдары, бір реттік маскалар мен қолғаптар таратылды, барлық келушілер зарарсыздандырылды. Жәшіктер мөлдір шыныдан жасалды. Менің ойымша, кеше байқаушы болған парламент өкілдері Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастырылу деңгейін көрді және өз елдерінде бұл тәжірибені қолданады», - деді Умахан Умаханов Нұр-Сұлтанда Hilton Garden Inn қонақүйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ байқаушылары Қазақстанның барлық өңірлерін аралап шықты.
«Біз кеше сайлау учаскелері жабылған соң, комиссия мүшелерімен кездестік және қорытындыларын түйіндедік. Біздің өкілдер жүргізген жұмыста бірде-бір заңбұзушылық байқалмағанын қайталағым келеді. Мен өзім Мемлекеттік думаның екі шақырылымында депутат болдым және көптеген сайлаударда байқаушы болдым. Бірақ, Қазақстандағы сайлау секілді жоғары деңгейдегі ұйымдастыру өте сирек кездеседі», - деп бағалады халықаралық байқаушы.